
Ұлттық құраманың бас бапкерінің міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов қараша айында өтетін матчтарға шақырту алған футболшылардың нақты тізімін ұсынды.
Қақпашылар:
Сейсен, Шайзада, Анарбеков, Төлепберген
Қорғаушылар:
Қасым, Вороговский, Әліп, Жұмаханов, С.Астанов, Жагоров, Малый, Кусяпов, Тапалов, Қайыров, Тұрсынбай, Әшірбек
Жартылай қорғаушылар:
Кенжебек, Оразов, Чесноков, Халматов, Жуков, Қасаболат, Жұмат, Қараман, Төлебай, Пайруз
Шабуылшылар:
Э.Астанов, Самородов, Сәтпаев, Свиридов, Кәрімов, Өміртаев
Оқу-жаттығу жиыны 3 қараша күні Астанада басталады. Қараша айында Қазақстан құрамасы екі ойын өткізеді:
15 қараша күні Астанадағы «Астана Арена» стадионында 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Бельгия құрамасымен кездеседі.
Матч билеттері 3 қарашада сатылымға шығады. Бағасы 3000 теңгеден басталады.
Келесі ойын 18 қараша күні Хорватияның Пула қаласында орналасқан «Алда Дросина» стадионында Фарер аралдарына қарсы жолдастық кездесу түрінде өтеді.



