ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ 
 Қазақстан құрамасы триатлоннан Азия чемпионатында екі медаль иеленді

Иорданияның Акаба қаласында өткен триатлоннан U19 және U23 жас санаттарындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы екі жүлдеге қол жеткізді.
U23 санатында ерлер арасында қазақстандық Егор Крупяков үшінші орын алып, қола медаль жеңіп алды. Сондай-ақ Александр Тен төртінші, Арлан Жаңабай бесінші, ал Максим Шмулич алтыншы нәтиже көрсетті.
U19 санатында Елмұрат Қанай бесінші, Қуаныш Бекенов жетінші, ал Илия Крупляков (Астана) 13-орынға ие болды.
Қыздар арасында Диана Ержанова U19 санатында үздік үштікке еніп, қола медаль жеңіп алды.



