ФУТБОЛ 
 «Қайсар» футбол клубы жеке басқаруға берілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында футбол клубтарын жекешелендіру үдерісін жеделдету қажеттігі атап өтілген еді.
Осы тапсырма аясында қызылордалық «Қайсар» футбол клубы 2025 жылдың 30 қазанынан бастап ресми түрде «TAU Group LTD» компаниясының басшысы Исламғали Қозбақовтың жеке басқаруына берілді.
Алдағы уақытта клубты дамытуға бағытталған нақты шаралар қабылданып, академия мен инфрақұрылымды жетілдіруге 12 млрд теңге көлемінде инвестиция салу жоспарланып отыр.



