Спорт Министрі | Ақтөбеде 35 мың орындық жаңа футбол стадионының құрылысы басталды
ФУТБОЛ

Ақтөбеде 35 мың орындық жаңа футбол стадионының құрылысы басталды

Ақтөбеде «Алтын Орда» шағын ауданында 34 980 адамға арналған жаңа футбол стадионының құрылысы басталды.

Бүгін құрылыс алаңына Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров барып, нысанның алғашқы кезеңімен танысты.

Әкімнің айтуынша, бұл жоба — өңірде футбол мен бұқаралық спортты дамытуға бағытталған маңызды бастама.
«Мемлекет басшысы бізге жаңа футбол академиясын салуды тапсырды. Егер жоғары деңгейлі спортшыларды дайындағымыз келсе, оларға тиісті жағдайлар жасауымыз қажет. Біз өткен жылы облыста өз академиямызды аштық. Басты мақсат — жергілікті клубтарды қолдап, ұлттық құрамаға ойыншылар дайындау», — деді Асхат Шахаров.

Сонымен қатар өңір басшысы «Ақтөбе» футбол клубын жекешелендіру бойынша келіссөздер жүріп жатқанын, бұл мәселе жыл соңына дейін шешілетінін атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button