Спорт Министрі | «Қайрат» футзалдан UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңін жеңіспен бастады
ТРЕНДТЕФУТБОЛ

«Қайрат» футзалдан UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңін жеңіспен бастады

Алматылық «Қайрат» футзал клубы UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі алғашқы ойынында Хорватияның «Ново Вриеме» командасын 3:2 есебімен жеңді.

Кездесудің алғашқы бөлігінде қазақстандықтар басымдық танытты. Біржан Оразов 8 және 9-минуттарда дубль жасап, есеп ашты. Ал 16-минутта Эдсон Сантос тағы бір гол соғып, айырманы ұлғайтты.

Екінші таймда хорватиялық клуб екі доп соғып, есепті қысқартқанымен, «Қайрат» басымдығын сақтап қалды.

Осылайша алматылықтар Чемпиондар лигасындағы алғашқы кездесуінде маңызды жеңіске қол жеткізді. Келесі ойында «Қайрат» 30 қазанда Португалияның «Спортинг» командасымен, ал 1 қарашада Косоводан келген «Приштинамен» кездеседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button