
Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық боксшы Камила Оспанова чемпион атанды.
66 келіге дейінгі салмақта сынға түскен спортшы финалда өзбекстандық Самира Тургонованы айқын басымдықпен жеңіп, алтын медаль иегері болды.



