
Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Азиадасында қазақстандық дзюдошы Фатима Сұпығалиева чемпион атанды.
Ол 52 келіге дейінгі салмақта финалда Қырғызстан өкілі Милена Боруболотовамен кездесіп, иппон әдісімен жеңіске жетті.
Осылайша Фатима Сұпығалиева Қазақстан құрамасына кезекті алтын медаль сыйлады.



