
Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық боксшы Досжан Жұмақан чемпион атанды.
54 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз финалда ирандық Матин Чамипадан басым түсіп, алтын медаль иегері болды.
Бұл — Қазақстан құрамасының бокстан екінші алтыны. Бұған дейін 50 келіде Жұмағали Нұрмахан жеңіске жеткен еді.



