
Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық боксшы Аяулым Оспанова алтын медаль жеңіп алды.
66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшы финалда үндістандық Хамоор Камурды техникалық нокаутпен ұтты. Кездесу екінші раундта тоқтатылды.



