Спорт Министрі | Жәнібек Әлімханұлы үш белбеу үшін Эрисланди Ларамен жекпе-жек өткізеді
БОКСТРЕНДТЕ

Жәнібек Әлімханұлы үш белбеу үшін Эрисланди Ларамен жекпе-жек өткізеді

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы WBA чемпионы, 42 жастағы кубалық Эрисланди Ларамен біріктіру жекпе-жегіне келісімшартқа қол қойды.

Үш белбеу сарапқа салынатын кездесу 6 желтоқсанда АҚШ-тың Сан-Антонио (Техас штаты) қаласында өтеді. Бұл кештің басты айқасы Ламонт Роуч пен Исаак «Питбуль» Крус арасындағы жекпе-жек болмақ.

Қазақ боксшысы соңғы рет сәуір айында Астанада рингке шығып, конголық Ануэль Нгамиссенгені (14-1, 9 KO) нокаутқа түсіріп, өз атақтарын сәтті қорғаған болатын. Жәнібек IBF белбеуін екі жыл бұрын, ал WBO титулын үш жыл бұрын жеңіп алған.

Кубалық Эрисланди Лара соңғы рет 2024 жылдың қыркүйегінде америкалық Дэнни Гарсиямен кездесіп, оны техникалық нокаутпен жеңген еді. Осы жекпе-жектен кейін Лара бір жылға жуық үзіліс алған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button