
Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық дзюдошы Еркен Бекәлі алтын медаль жеңіп алды.
66 келіге дейінгі салмақта күрескен жерлесіміз финалда Ауғанстан спортшысы Башир Кадириден басым түсіп, құрлық біріншілігінің жеңімпазы атанды.
Бұл — Қазақстан құрамасының қоржынына түскен кезекті алтын!



