
Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының балуаны Сания Сұлтанғали күміс медаль иеленді.
53 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Сұлтанғали финалға дейін сенімді өнер көрсетіп жетті. Алайда шешуші белдесуде жапониялық Нана Козукадан 0:10 есебімен жеңіліп, жарысты күміс жүлдемен аяқтады.
Бұл нәтиже қазақстандық қыздар күресі үшін маңызды жетістік саналады.



