ҰЛТТЫҚ СПОРТ
Қазақ күресінен келесі әлем чемпионаты Бакуде өтеді

Түркістан қаласында өтіп жатқан қазақ күресінен Азия біріншілігі барысында келесі әлем чемпионатының өтетін жері мен уақыты белгілі болды.
Qazaq Kuresi Ассоциациясының жиналысы аясында қабылданған шешімге сәйкес, қазақ күресінен келесі әлем чемпионаты 2026 жылдың тамыз айында Әзербайжан астанасы — Баку қаласында өтеді.
Бұл шешім ұлттық спорттың халықаралық деңгейде дамуына және түркі халықтарының спорттық байланысын нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып отыр.



