КҮРЕС
Нұртай Наров жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында еркін күрестен Қазақстан құрамасының балуаны Нұртай Наров қола медаль жеңіп алды.
71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен спортшы қола үшін өткен шешуші кездесуде моңғолиялық Нарантулга Энхбаатарды 11:0 есебімен айқын жеңді.
Бұл жеңіс Нұртай Наровқа Азия ойындарының үздік үштігіне енуге мүмкіндік берді және Қазақстан құрамасының жалпы қоржынына тағы бір жүлде қосты.



