Спорт Министрі | Ксения Прозорова жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
АУЫР АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ

Ксения Прозорова жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Ксения Прозорова күміс медаль иеленді.

Жұлқа көтеру сайысында бақ сынаған Прозорова 94 келіні көтеріп, екінші орынға тұрақтады. Ал қытайлық Чжу Цайюнь 95 келі нәтижесімен жеңімпаз атанды.

Үшінші орын өзбекстандық Сарвиноз Купайсиноваға бұйырды — ол 84 келіні көтерді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button