Спорт Министрі | Ксения Прозорова жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында екінші күміс медаль иеленді
АУЫР АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ

Ксения Прозорова жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында екінші күміс медаль иеленді

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық ауыр атлет Ксения Прозорова екінші жүлдесін жеңіп алды.

Бұл жолы Прозорова серпе көтеру сайысында күміс медаль иеленді. Ол 108 келіні көтеріп, екінші нәтиже көрсетті. Бұған дейін спортшы жұлқа көтеруде де күміс жүлдеге қол жеткізген болатын.

Сайыс қорытындысы бойынша қытайлық Чжу Цайюнь 111 келіні еңсеріп, жеңімпаз атанды. Үшінші орын ирандық Части Седигхиға бұйырды — ол 105 келіні көтерді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button