Спорт Министрі | Бекасыл Асамбек жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының чемпионы атанды
КҮРЕСТРЕНДТЕ

Бекасыл Асамбек жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының чемпионы атанды

Қазақстандық балуан Бекасыл Асамбек Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында еркін күрестен алтын медаль иеленді.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға шыққан спортшы шешуші белдесуде Солтүстік Корея өкілі Хун Юмен кездесіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Бекасыл Асамбек Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті алтын медаль салды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button