
Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілі Бақдәулет Ағабек қола медаль иеленді.
45 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған спортшы қола үшін өткен белдесуде жапониялық Рику Фурусавамен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Бақдәулет Ағабек Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір жүлде салды.



