Спорт Министрі | Үш қазақстандық балуан жасөспірімдер Азиадасының финалына өтті
ТРЕНДТЕ

Үш қазақстандық балуан жасөспірімдер Азиадасының финалына өтті

28 қазанда Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында еркін және әйелдер күресінен жарыстар басталды.

Қазақстан құрамасынан үш спортшы финалға жолдама алды.

Қыздар арасында 53 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сания Сұлтанғали жартылай финалда тайбэйлік Чао-ших Сяодан басым түсті.

61 келіге дейінгі салмақта Жайдар Мұқат жапон спортшысы Ваки Аваноны жеңді.

Ал ерлер арасында Бекасыл Асамбек шиеленіскен жартылай финалда ирандық Сейедтахи Хашемиді 6:4 есебімен жеңді.

Айта кетейік, финалдық белдесулер 28 қазан күні өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button