Спорт Министрі | Сегіз қазақстандық боксшы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының финалына шықты
БОКСТРЕНДТЕ

Сегіз қазақстандық боксшы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының финалына шықты

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында жартылай финалдық кезең өз мәресіне жетті. Нәтижесінде Қазақстан құрамасынан сегіз боксшы финалға жолдама алды.

Алтын жүлде үшін келесі спортшылар айқасады:
– 66 кг: Аяулым Оспанова
– 75 кг: Камила Оспанова
– +80 кг: Эльнура Қоңырат
– 46 кг: Арман Мырсабит
– 50 кг: Жұмағали Нұрмахан
– 54 кг: Досжан Жұмақан
– 66 кг: Даниял Шалқарбай
– +80 кг: Мұхамедәлі Рүстембек

Қазақ боксшылары енді финалда Азия чемпиондары атағы үшін сынға түседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button