Спорт Министрі | Ризабек Айтмұхан еркін күрестен жастар арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
КҮРЕСТРЕНДТЕ

Ризабек Айтмұхан еркін күрестен жастар арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілі Ризабек Айтмұхан Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды.

Отандасымыз 97 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Ризабек үшінші орын үшін өткен белдесуде Иран өкілі Аболфазл Бабалуды 7-1 есебімен жеңді.

Осылайша қазақстандық балуан жастар арасындағы әлем біріншілігін қола жүлдемен аяқтады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button