АУЫР АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ
Әлихан Әскербай үш бірдей рекорд жаңартып, екінші алтын медалін жеңіп алды

Қазақстандық ауыр атлет Әлихан Әскербай Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарын жарқын жеңіспен аяқтады.
71 келіге дейінгі салмақта сынға түскен спортшы екі рет чемпион атанды.
Алдымен ол жұлқа көтеруде топ жарса, кейін серпе көтеруде де үздік атанды.
Әскербай 172 келіні еңсеріп, жасөспірімдер арасында әлем, Азия және Азия ойындарының рекордын жаңартты.



