
World Boxing халықаралық федерациясы ерлер арасындағы ресми әлемдік рейтингін ұсынды. Жаңартылған тізімде Өзбекстан мен Қазақстан спортшылары көш бастап тұр.
Жалпы тоғыз салмақ дәрежесі қамтылған рейтинг бойынша Өзбекстан алты, ал Қазақстан төрт салмақта бірінші орынға жайғасты.
Қазақстан құрамасының көшбасшылары:
50 кг: Санжар Тәшкенбай
55 кг: Махмұд Сабырхан
70 кг: Торехан Сабырхан
90+ кг: Айбек Оралбай
Сонымен қатар бірнеше қазақстандық боксшылар өз салмақтарында үздік ондыққа енді. Мәселен, Ертуған Зейноллинов (65 кг) – 7-орында, Сабыржан Аққалдықов (75 кг) – 9-орында, Сағындық Тоғамбай (90 кг) – 7-орында, ал Даулет Төлемісов пен Бекзад Нұрдәулетов (85 кг) – тоғызыншы орында тұр.
Өзбекстан құрамасы да рейтингтің басым бөлігінде көш бастап келеді. Алдыңғы қатарда Абдумалик Халқов (60 кг), Асадхужа Муйдинхужаев (65 кг), Джавохир Умматалиев (80 кг), Фазлиддин Еркинбоев (75 кг), Турабек Хабибуллаев (90 кг) және Акмалжон Исроилов (85 кг) бар.
World Boxing ұйымының бұл рейтингі халықаралық жарыстар мен соңғы айларда өткен турнирлердің нәтижесіне негізделген.



