
Қазақстан Премьер-лигасы аяқталып, маусым қорытындысы бойынша үздік ойыншылар анықталды.
«Астананың» жартылай қорғаушысы Назми Грипши 16 гол соғып, маусымның үздік сұрмергені атанды. Екінші орында — 14 голдың авторы Сәтпаев.
Үздік ассистент атағын «Астана» шабуылшысы Марин Томасов иеленді — оның еншісінде 9 нәтижелі пас бар.
Ал маусымның үздік қақпашысы болып «Жеңіс» командасының голкипері Сергей Игнатович танылды. Ол 10 ойында өз қақпасын құрғақ сақтап қалды.



