
Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында ширек финалдық кезең өз мәресіне жетті. Қорытындысы бойынша қазақстандық боксшылар 14 салмақтың 10-ында жартылай финалға шығып, жарысты жалғастырады.
Олардың алтауы — ерлер арасында, төртеуі — қыздар арасында сынға түседі.
Ерлер құрамасы:
– 46 кг: Арман Мырсабит
– 50 кг: Жұмағали Нұрмахан
– 54 кг: Досжан Жұмақан
– 66 кг: Даниял Шалқарбай
– 75 кг: Санжар Матасов
– +80 кг: Мұхамедәлі Рүстембек
Қыздар құрамасы:
– 54 кг: Рамина Маханова
– 66 кг: Аяулым Оспанова
– 75 кг: Камила Оспанова
– +80 кг: Эльнура Қоңырат
Бұған дейін бірнеше боксшы ширек финалда сенімді жеңіс көрсетіп, ел құрамасының жалпы көрсеткішін күшейтті. Манама қаласындағы бокс бәсекелерінің қорытындысы 30 қазан күні белгілі болады.



