ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА
Жеңіл атлетика: Нұрболсын Мұрат жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында үшінші орын алды

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Нұрболсын Мұрат Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында үшінші болып мәре сызығын кесті.
Қазақстандық спортшы 3000 метрге жүгіру сайысында қола жүлдеге ие болды. Мұрат қашықтықты 09:07.81 уақытта жүгіріп өтті.
Тайбэй спортшысы Чен-Ю Ван жарыс жеңімпазы атанды — 08:34.46. Қытайлық Цзычэн Ли күміс жүлдеге ие болды — 08:55.76.
Бағлан Ермек сегізінші орынды иеленді.



