ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ
Жеңіл атлет Максим Сажнев рекорд жаңартып, жасөспірімдер Азиадасының чемпионы атанды

Қазақстандық жеңіл атлет Максим Сажнев Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды.
Ол диск лақтыру сайысында жеңімпаз атанды. Сажнев ең үздік мүмкіндігінде 63.23 метр нәтижесін көрсетті. Бұл көрсеткіш жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының жаңа рекорды болды. Бұған дейінгі үздік нәтиже 62.03 метр еді.
Күміс жүлдені қытайлық Цзянес Куньчуань иеленсе (62.40 метр), қола медаль ирандық Реза Самимишаламзариге бұйырды (53.86 метр).



