Спорт Министрі | Жеңіл атлет Аида Ақылбекова жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында үздік үштікке енді
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА

Жеңіл атлет Аида Ақылбекова жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында үздік үштікке енді

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан қола жүлдеге ие болды.

Жүлдені 3000 метрге жүгіру сайысында сәтті өнер көрсеткен Аида Ақылбекова жеңіп алды.

Спортшы 10:45.21 уақыт көрсеткішімен үшінші болып мәреге жетті.

Өзбекстандық Анастасия Сильченко жарыс жеңімпазы атанды — 09:43.61. Екінші орынды Қытай спортшысы Юй Сяосюань иеленді — 10:21.85.

Басқа жаңалықтар

Back to top button