
Таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Евгений Васенкин Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында кезекті алтын жүлдені ел қоржынына салды.
Жерлесіміз 55 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірмеді.
Евгений ақтық сында өзбекстандық Асадбек Самандаровпен өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде отандасымыз 2:0 есебімен жеңіске жетті.



