
Қазақстан Премьер-лигасының 26-турындағы шешуші ойында «Қайрат» пен «Астана» 1:1 есебімен тең түсті.
Гол соққандар: 15-минутта Томасов («Астана»), 56-минутта Сәтпаев («Қайрат»).
Бұл нәтижеден кейін алматылық клуб екінші жыл қатарынан және тарихында бесінші рет ел чемпионы атанды.
«Қайрат» келесі маусымда Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде Қазақстан атынан өнер көрсетеді.



