Спорт Министрі | Нұртілеу Өтеген жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
ММАТРЕНДТЕ

Нұртілеу Өтеген жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Аралас жекпе-жектен Қазақстан құрамасының мүшесі Нұртілеу Өтеген Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының финалында өнер көрсетті.

80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға шыққан қазақстандық спортшы алтын медаль үшін ирандық Амирмахди Вазифехпен кездесті.

Тартысты өткен жекпе-жекте жеңімпаз тек овертаймда анықталды. Ирандық спортшы ауырту әдісін қолданып, жеңіске жетті.

Осылайша, Нұртілеу Өтеген жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарын күміс медальмен аяқтады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button