Спорт Министрі | Геннадий Головкин World Taekwondo федерациясының президентімен кездесті
ТАЕКВОНДО

Геннадий Головкин World Taekwondo федерациясының президентімен кездесті

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин таеквондодан әлем чемпионаты өтіп жатқан Қытайдың Уси қаласына барды.

Сапар барысында ол World Taekwondo федерациясының президенті Чунгвон Чомен жүздесті. ҰОК басшысы ұйым жетекшісін қайта сайлануымен құттықтап, әлем чемпионатына шақырғаны үшін алғыс айтты.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанда таеквондоны дамыту бағыттарын және 2027 жылы елімізде өтетін әлем чемпионатын ұйымдастырудың дайындық мәселелерін талқылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button