
Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Омар Сатаев Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды.
Балуан 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынап, үшінші орын үшін өткен белдесуде бельгиялық Ибрагим Табаевты 10:8 есебімен ұтты.



