Спорт Министрі | Мерей Мәулетханов жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды
КҮРЕСТРЕНДТЕ

Мерей Мәулетханов жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен алғашқы медалін жеңіп алды.

72 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Мерей Мәулетханов қазақстандық команданың қоржынына алғашқы жүлдені салды.

Қола үшін өткен белдесуде отандасымыз ресейлік Данил Григорьевті айқын басымдықпен жеңіп, әлем чемпионатының қола медалін иеленді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button