Спорт Министрі | Бірінші лиганың шешуші туры: ҚПЛ жолдамасы үшін тартыс
ФУТБОЛ

Бірінші лиганың шешуші туры: ҚПЛ жолдамасы үшін тартыс

24 қазанда футболдан Қазақстан Бірінші лигасының соңғы, 26-тур ойындары өтеді. Бұл турдың қорытындысы бойынша турнир кестесінде үшінші орын алған команда анықталып, Премьер-лигаға жолдама алады. Соңғы жолдаманы «Алтай» мен «Шахтер» клубтары сарапқа салады.

«Алтай» (Өскемен) – «Оңтүстік» (Шымкент)

Басталуы: 14:00
Өтетін жері: «Шығыс» стадионы (Өскемен)

Кездесулер тарихы:
– Ойындар саны: 1
– «Алтайдың» жеңісі: 1
– «Оңтүстіктің» жеңісі: 0
– Тең ойын: 0

Бұл матч «Алтай» үшін шешуші болмақ. Өскемендік клуб 2013 жылдан бері Премьер-лигада ойнамаған. Егер Вахид Масудов шәкірттері өз алаңында «Оңтүстікті» жеңсе, турнир кестесінде үшінші орынды иеленіп, жоғарғы лигаға қайта оралады.

Тіпті тең нәтиже де «Алтайға» жеткілікті болуы мүмкін. Дегенмен команда маусымды өз жанкүйерлерінің алдында жеңіспен аяқтауға ұмтылады. Бұған дейін бірінші айналымда «Алтай» Шымкентте өткен кездесуде қарсыласын 2:0 есебімен ұтқан.

«Екібастұз» (Екібастұз) – Ertis (Павлодар)

Басталуы: 14:00
Өтетін жері: «Орталық» стадион (Павлодар)

Кездесулер тарихы:
– Ойындар саны: 16
– «Екібастұздың» жеңісі: 3
– Ertis жеңісі: 10
– Тең ойын: 3

Бұл аймақтық дерби бұған дейін жоғары дивизиондағы маңызды кездесулер қатарында болатын. Қазір екі команда Бірінші лигада бақ сынап жүр. Ertis мерзімінен бұрын Премьер-лига жолдамасын жеңіп алды. Ал «Екібастұз» маусымды оныншы орында аяқтайды.

Жалпы нәтиже турнир кестесіне әсер етпесе де, аймақтық бедел үшін бәсеке қыза түспек.

AKAS (Алматы) – «Каспий» (Ақтау)

Басталуы: 14:00
Өтетін жері: «Жас Қыран» стадионы (Алматы)

Кездесулер тарихы:
– Ойындар саны: 2
– AKAS жеңісі: 0
– «Каспий» жеңісі: 1
– Тең ойын: 1

Бұл маусымда командалар үшінші рет кездескелі отыр. Бұған дейін олар Қазақстан кубогының іріктеу кезеңінде және чемпионаттың алғашқы айналымында жолыққан. Бұл жолғы матч турнир тұрғысынан маңызы аз болғанымен, тартысты өтеді деп күтіледі.

«Каспий» Бірінші лиганың чемпионы атанып, Премьер-лигаға оралуға мүмкіндік алды. AKAS болса дебюттік маусымын сәтті өткізіп келеді.

«Ақтөбе-Ж» (Ақтөбе) – «Хан-Тәңірі» (Алматы)

Басталуы: 14:00
Өтетін жері: ОCДЮСШОР стадионы (Ақтөбе)

Кездесулер тарихы:
– Ойындар саны: 5
– «Ақтөбе-Ж» жеңісі: 0
– «Хан-Тәңірі» жеңісі: 4
– Тең ойын: 1

Өткен турда екі команда да ірі жеңіске жетті. «Ақтөбе-Ж» сырт алаңда SD Family клубын 7:2 есебімен ұтса, «Хан-Тәңірі» төрт айлық жеңіліс сериясын тоқтатты. Бұл турдағы нәтиже турнир кестесіне әсер етпейді. Командалар маусымды жеңіспен аяқтауға тырысады.

«Қайрат-Жастар» (Алматы) – SD Family (Астана)

Басталуы: 14:00
Өтетін жері: Т. Сегізбаев атындағы академия стадионы (Алматы)

Кездесулер тарихы:
– Ойындар саны: 3
– «Қайрат-Жастар» жеңісі: 2
– SD Family жеңісі: 0
– Тең ойын: 1

Маусымның соңғы турында екі команда да өз нәтижелерін жақсартуға ұмтылады. Өткен турда SD Family «Ақтөбе-Ж»-дан 2:7 есебімен ойсырай ұтылса, алматылықтар «Түркістанды» 4:1 есебімен жеңді. Бұл жолы да «Қайрат-Жастар» фаворит саналады.

«Жетісай» (Жетісай) – «Тараз» (Тараз)

Басталуы: 14:00
Өтетін жері: «Орталық» стадион (Жетісай)

Кездесулер тарихы:
– Ойындар саны: 3
– «Жетісай» жеңісі: 2
– «Тараз» жеңісі: 0
– Тең ойын: 1

«Жетісай» маусымды жақсы өткізді, бірақ соңғы кезеңдерде қарқыны бәсеңдеді. «Тараз» болса екінші айналымда ойын сапасын жақсартып, келесі маусымға жоғары мақсаттар қойып отыр. Соңғы турда екі команда да жанкүйерлерін қуантуға тырыспақ.


Бірінші лиганың 26-турында осылайша шешуші сәттер анықталады. «Алтай» жеңіске жетсе, 12 жыл үзілістен кейін Премьер-лигаға қайта оралады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button