Спорт Министрі | Алматыда өткен ATP 250 турнирі өз мәресіне жетті
ТЕННИСТРЕНДТЕ

Алматыда өткен ATP 250 турнирі өз мәресіне жетті

Теннистен Алматы қаласында өткен ATP 250 сериялы турнир аяқталды.

Жекелей сында чемпиондық атақ үшін ресейлік Даниил Медведев пен франциялық Корентен Муте күш сынасты. Тартысты өткен финалдық кездесу 2 сағат 36 минутқа созылды. Үш сет қорытындысы бойынша Медведев қарсыласын 7:5, 4:6, 6:3 есебімен жеңіп, турнирдің жеңімпазы атанды.

Жұптық сында франциялық Тео Аррибаж пен Альбано Оливетти үздік шықты. Олар финалда германиялық Якоб Шнайттер мен Марк Вальнерді 6:4, 7:6 (10:8) есебімен ұтып, жарысты жеңіспен қорытындылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button