Спорт Министрі | Астанада «Қазақстан Барысы – 2025» турнирінің жеңімпазы анықталды
КҮРЕСТРЕНДТЕ

Астанада «Қазақстан Барысы – 2025» турнирінің жеңімпазы анықталды

Елордада өткен дәстүрлі «Қазақстан Барысы – 2025» республикалық турнирі өз мәресіне жетті. Биылғы додада Марат Байқамұров чемпион атанды.

Финалда 2024 жылғы «Қазақстан барысы» атағын иеленген Ерасыл Қажыбаев пен әскер спорт клубының өкілі Марат Байқамұров белдесті. Ақтық айқастың екінші минутында Марат қарсыласының осал тұсын тауып, таза жеңіске жетті.

Айта кетейік, Ерасыл Қажыбаев жартылай финалда турнирдің басты фавориті, «Қара бура» лақап атымен танымал Нұрдәулет Жарылғаповты жарыс жолынан шығарған еді. Ал Марат Байқамұров бұл кезеңде Ақтөбе облысының өкілі Ерасыл Амангелдіні жеңіп, финалға жолдама алған болатын.

Үшінші орын үшін өткен белдесуде «Қара бура» Нұрдәулет Жарылғапов Ерасыл Амангелдіні таза ұтты. Осылайша, ол «Қазақстан Барысы» жобасының үш дүркін қола жүлдегері атанды.

Биылғы турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ел бойынша үздік балуандардың тартысына айналды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button