
Сербияның Нови-Сад қаласында өтетін жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды.
Бапкерлер штабының шешімімен ел намысын төмендегі спортшылар қорғайды:
55 келіге дейін: Ерасыл Мамырбеков
60 келіге дейін: Исхар Курбаев
63 келіге дейін: Нұрдәулет Қапас
67 келіге дейін: Бағдат Сабаз
72 келіге дейін: Мерей Мәулетханов
77 келіге дейін: Елдос Камелов
82 келіге дейін: Омар Сатаев
87 келіге дейін: Мақсат Сайлау
97 келіге дейін: Юсуф Мациев
130 келіге дейін: Джохар Узаров
Жастар арасындағы грек-рим күресінен әлем чемпионаты 20–27 қазан аралығында өтеді.