ТЕННИС
Елена Рыбакина Қытайдағы турнирдің жартылай финалына шығу үшін бақ сынайды

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің ширек финалына жолдама алды.
1/8 финалда қазақстандық спортшы украиналық Даяна Ястремскамен кездесіп, тартысты үш сет ойнады. Алғашқы сетте Рыбакина жеңіске жетсе, екіншісінде қарсыласы басым түсті. Ал шешуші үшінші сетте Елена 6:4, 6:7, 6:3 есебімен жеңісті жұлып алды.
Келесі кезеңде Рыбакина аустралиялық Айла Томляновичпен жартылай финал жолдамасы үшін бақ сынайды.