
14–21 қазан аралығында Семей қаласындағы Abai Arena спорт кешенінде бокстан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді.
Биылғы біріншілікке еліміздің 20 өңірінен 371 спортшы қатысады: олардың 246-сы ерлер, ал 125-і әйелдер арасындағы боксшылар.
Жарыстың жеребесі 14 қазанда тартылады, ал салтанатты ашылу рәсімі 15 қазан күні өтеді. Финалдық кездесулер 21 қазанда жоспарланған.
Айта кетейік, бұл чемпионаттың нәтижелері бойынша 2026 жылға арналған ұлттық құраманың құрамы жасақталады.
Салмақ дәрежелері:
- Ерлер: 50 келіге дейін, 55, 60, 65, 70, 75, 80, 85, 90 және 90 келіден жоғары.
- Әйелдер: 48 келіге дейін, 51, 54, 57, 60, 65, 70, 75, 80 және 80 келіден жоғары.
Чемпионаттың барлық жекпе-жектері QAZSPORT телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.