Спорт Министрі | Қазақстандық таеквондошылар Черногориядағы халықаралық турнирде екі медаль иеленді
ТАЕКВОНДОТРЕНДТЕ

Қазақстандық таеквондошылар Черногориядағы халықаралық турнирде екі медаль иеленді

Черногорияның Подгорица қаласында өткен G-1 санатындағы халықаралық таеквондо турнирінде Қазақстан құрамасы екі жүлдеге қол жеткізді.

74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Мақсат Орынбасар барлық қарсыласын жеңіп, алтын медаль иеленді.
Ал 58 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Әзірет Дүйсенбек жарысты үшінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, аталған додаға 24 елден 300-ден астам спортшы қатысқан.

Басқа жаңалықтар

Back to top button