
Оңтүстік Кореяның Вонджу қаласында өткен ITF Juniors сериясының J300 санатындағы жасөспірімдер турнирі аяқталды. Финалда Қазақстанның 18 жасқа дейінгі бірінші ракеткасы Заңғар Нұрланұлы Қытай Тайбэйінің өкілі Куан Чеу Ченмен кездесіп, 6:2, 6:1 есебімен сенімді жеңіске жетті.
Бұл — Нұрланұлының хард төсенішіндегі қатарынан екінші жеңісі. Өткен аптада ол Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында өткен J200 турнирінде де топ жарған болатын.