Жамбыл облысы жеңімпаз

Көкпардан ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының XXIV чемпионаты аяқталды.
4-11 қазан аралығында Шымкент қаласында көкпардан жылдың үздік жарысы өтті.
Дүбірлі долаға 15-команда қатысты. Тартысқа толы бәсекеде Жамбыл облысы бірінші орын, Шымкент қаласы екінші, Астана қаласы үздік үштікті түйіндеді. Ал, төртінші орын иегері Қызылорда облысы болса, бесінші орын Алматы облысына бұйырды, алтыншы орынға Қостанай облысы жайғасты.
Ел чемпионаты аясында 4 аталым бойынша үздіктер анықталды.
Үздік ойыншы-Асылжан Мамыт (Шымкент қаласы)
Үздік жекпе-жек ат-Саян.(Астана қаласы)
Үздік шабуылшы ат-Нұрқасқа (Жамбыл облысы)
Үздік қорғаушы ат-Шу шу қара (Шымкент қаласы)
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қаржылай сыйлықтар мен арнайы кубоктар табысталды.
Айта кету керек, Жамбыл облысының «Әулие-ата» командасы осымен 15-рет ел чемпионы атанып отыр.
Ересектер арасындағы ел чемпионатын «Көкпар» федерациясы, ҚР Туризм және спорт министрлігі және Шымкент қаласының әкімдігі ұйымдастырды.
Чемпионат демеушісі: Самұрық-Қазына әл-ауқат қоры.
Бас серіктес: Спортты қолдау қоры.
Ақпараттық серіктес: Qazsport және 24KZ телеарналары.