
24-30 қазан аралығында Қытайдың Уси қаласында таеквондодан әлем чемпионаты өтеді. Биылғы дүбірлі додада 179 елден 900-ден астам спортшы бақ сынайды.
Қазақстан құрамасының намысын 16 таеквондошы қорғайды.
Ерлер құрамасы:
- 54 келі – Бекзод Қадірқұлов
- 58 келі – Тамирлан Тілеулес
- 63 келі – Самирхон Абабакиров
- 68 келі – Дамир Шуленов
- 74 келі – Бекасыл Ергеш
- 80 келі – Батырхан Төлеуғали
- 87 келі – Нұрлан Мырзабаев
- +87 келі – Бейбарыс Қаблан
Әйелдер құрамасы:
- 46 келі – Айдана Құмартаева
- 49 келі – Нодира Ахмедова
- 53 келі – Азиза Қаражанова
- 57 келі – Мария Севостьянова
- 62 келі – Айша Әділбекқызы
- 67 келі – Нұрай Хусайнова
- 73 келі – Назым Махмұтова
- +73 келі – Евгения Каимова
Құрама мүшелері бүгінде оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, әлем чемпионатына тыңғылықты дайындық үстінде.