ТЕННИС
Анна Данилина Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты

Теннистен Қазақстан құрамасының мүшесі Анна Данилина жұптық сайыста сербиялық Александра Круничпен бірге өнер көрсетіп жатыр.
1/8 финалда олар жапон Сюко Аояма мен испан Кристина Букша дуэтімен күш сынасты. Тартысты өткен матч үш сетке созылып, 3:6, 6:4, 12:10 есебімен Данилина мен Круничтің жеңісімен аяқталды.
Бұл нәтижемен қазақстандық теннисші Анна Данилина мен оның серіктесі турнирдің ширек финалына жолдама алды.