Спорт Министрі | Астана көкпаршылары сенсациялық жеңіске жетті
ТРЕНДТЕҰЛТТЫҚ СПОРТ

Астана көкпаршылары сенсациялық жеңіске жетті

Бүгін көкпардан ересектер арасындағы ел чемпионатының екінші күні аяқталды. Тартысты өткен жарыста Қарағанды облысы 4:7 есебімен Ақмола облысына жол берді. Жамбылдың жігіттері Жетісуды 13:1 есебімен ойсырата жеңді. Маңғыстау облысы да қарсыласы Ұлытаудың ұландарын 9:1 есебімен ұтып кетті. Ал, Астана дәл осы біріншілікте азулы деген Түркістан облысынан басым түсті. Есеп 3:2. Соның арқасында алғаш болып жартылай финалға шықты. Мамандар оны сенсациялық жеңіске теңеп жатыр. Атырау болса алаң иелері Шымкенттен ұтылып қалды. Есеп 2:11. Әскерилерден жасақталған Қорғаныс министрлігінің командасы Алматы облысынан 4:11 есебімен жеңілді. Екінші кезеңнің соңғы ойынында Қызылорда мен Ақтөбе арасында 10:1 есебі тіркелді. Жеңіс сыр өңірінде.
Спорт Министрі | Астана көкпаршылары сенсациялық жеңіске жетті
Ертең чемпионаттың үшінші күні. Командалар ұпай сандарын арттыру үшін барын салады.

Айта кетейік, чемпионатта 15 команда өнер көрсетіп жатыр. Олар 4 топқа бөлініп, жарыстың көркін қыздыруда.

Ересектер арасындағы ел чемпионатын «Көкпар» федерациясы, ҚР Туризм және спорт министрлігі және Шымкент қаласының әкімдігі ұйымдастырып жатыр.
Спорт Министрі | Астана көкпаршылары сенсациялық жеңіске жетті
Чемпионат демеушісі: Самұрық-Қазына әл-ауқат қоры.

Бас серіктес: Спортты қолдау қоры.

Ақпараттық серіктес: Qazsport және 24KZ телеарналары.

Басқа жаңалықтар

Back to top button