
Қазақстандық жас теннисші Заңғар Нұрланұлы Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында өткен ITF Juniors J200 санатындағы халықаралық турнирде топ жарды.
Жарысқа бірінші нөмірлі спортшы ретінде қатысқан Заңғар финалда жергілікті теннисші Мин Хук Чонды 6:3, 6:4 есебімен сенімді түрде жеңді.
Айта кетсек, Нұрланұлы бұл турнир барысында қарсыластарына бірде-бір сетте жол бермей, барлық кездесулерде айқын басымдық танытты.
Бұл жеңіс – қазақстандық спортшының ITF Juniors турнирлеріндегі алтыншы титулы болды.