Спорт Министрі | World Boxing Федерациясының 2025 жылғы Конгресі Римге ауыстырылды
БОКСТРЕНДТЕ

World Boxing Федерациясының 2025 жылғы Конгресі Римге ауыстырылды

Алғашында Үндістанда өтуі тиіс болған World Boxing халықаралық федерациясының Конгресі 2025 жылдың 23 қарашасында Италия астанасы Римде ұйымдастырылады.

Бұл шешім World Boxing өкілдері мен Үндістан бокс федерациясы арасындағы келіссөздердің нәтижесінде қабылданды.

Конгресс аясында World Boxing президенті мен Атқарушы комитет мүшелері сайланып, олимпиадалық бокстың дамуына қатысты маңызды мәселелер талқыланады.

Айта кетейік, Әлем кубогының финалдық кезеңі бұрынғы жоспарға сай Нью-Делиде (Үндістан) өтеді. Бұл жарыс 2025 жылдың 17-22 қарашасына белгіленген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button