ТЕННИС
Теннисші Юлия Путинцева Қытайдағы турнирді жеңіспен бастады

Қазақстан құрамасының теннисшісі Юлия Путинцева Қытайдың Сучжоу қаласында өтіп жатқан ірі турнирді жеңіспен бастады.
Қазақстандық спортшы алғашқы айналымда франциялық Диан Парримен кездесті. Нәтижесінде Путинцева 6:1, 6:7, 6:1 есебімен ұтып, келесі кезеңге жолдама алды.
Келесі айналымда ол украиналық Юлия Стародубцева мен венгриялық Далма Галфи арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.