ДЗЮДО
Қазақстандық дзюдошылар Қытайдағы Гран-при турнирін жүлдесіз аяқтады

Қытайдың Циндао қаласында өткен дзюдодан Гран-при кезеңінде Қазақстан құрамасы медаль ала алмады.
Бұл халықаралық турнирде ел намысын сегіз спортшы қорғады. Олардың ішінде ең сәтті өнер көрсеткен Әділет Алмат болды. Ол 81 келіге дейінгі салмақта қола медаль үшін белдесуге мүмкіндік алды.
Алайда шешуші кездесуінде қазақстандық дзюдошы түркиялық Ведат Албайраққа жол беріп, нәтижесінде бесінші орынға табан тіреді.
Осылайша, ұлттық құрама Қытайдағы додада жүлдесіз қалды.